Таразда балалар ауруханасынан өрт шықты

0
193

42 адам қауіпсіз жерге көшірілді.


Таразда балалар ауруханасынан өрт шықты

Фото: видеодан скрин

Тараз қаласында олыстық балалар ауруханасының жертөлесінде компьютерлік томография аппараты өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу оқиға орнына жетіп, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Түтін жайылған аймақтан барлығы 42 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

"Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда", - делінген хабарламада.