Таразда той үстінде оқ атқан ер адам ұсталды

0
717

​Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері тойда аспанда оқ атқан бейнежазба тараған.


Таразда той үстінде оқ атқан ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Тараз полицейлері үйлену тойында оқ атқан азаматты ұстады, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері тойда аспанда оқ атқан бейнежазба тараған. Полиция департаментінің қызметкерлері тексеріп, бейнежазбаға кейіпкерін тапты. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293 - бабы 3-бөлігі - "қарудың қолдануымен жасалған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.

"Тергеу барысында мылтық асынған адам полиция қызметкері емес және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істемеген. Ол Тараз қаласының уақытша жұмыссыз тұрғыны екені анықталды” – деп хабарлады ведомоствода.

Тойды ойран еткен жігіт 28 жаста. Сайга аңшы мылтығын алып жүруге рұқсатты 2021 жылдың 1 маусымында алған. Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, қылмысқа қатысты сот-баллистикалық сараптамаcы тағайындалды.

Күдікті сот шешімімен үй қамауына алынды. Кінәсі дәлелденген жағдайда оған үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.