Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

0
89

Басты мақсат – жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апатының алдын алу.


Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

фото:CC0

ERNUR.KZ. Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін бақылауды күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық акциясы жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Акция 2026 жылдың 15 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
Басты мақсат – жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апатының алдын алу, дейді министрлікте.
"Оң рульді көліктерге (Toyota Alphard, Estima және т.б.), жүргізушілердің жұмыс және демалыс режимін сақтауына ерекше көңіл бөлінетін болады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствода тасымалдаушыларды заңды қатаң сақтауға, көліктерінің техникалық жағдайын қадағалауға, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырды.
Сондай-ақ, жолаушыларды, багажды және таксиді тасымалдау ережелерін, сондай-ақ жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылды.