Таяу Шығыс елдерінде қазақстандық 4 мың турист қалып қойған

0
67

Адамдардың басым бөлігі баспанамен қамтамасыз етіліп, қауіпсіз жерде орналасқан.


Таяу Шығыс елдерінде қазақстандық 4 мың турист қалып қойған

Фото:depositphotos.com/ daykung

Қазақстанның төрт мыңнан аса азаматы Таяу Шығыс елдерінен шыға алмай отыр. Әңгіме БАӘ, Қатар және Сауд Арабиясында жүрген туристер туралы болып отыр. Мұндай деректі "Туристік Қамқор" қоры келтірді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Ұйым мәліметінше, адамдардың басым бөлігі баспанамен қамтамасыз етіліп, қауіпсіз жерде орналасқан.

"2026 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты бірқатар әуекомпанияның рейстері тоқтатылды. Қазақстандық туристер Парсы шығанағы аймағында әуе кеңістігі ашылғанын күтіп, осы елдерде қалуға мәжбүр. Туркоды бар қазақстандық туристер қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген", - деп хабарлады қор.

Қор дерегінше, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде:

  • БАӘ-де - 2 540 турист;
  • Қатарда - 1 061 турист;
  • Сауд Арабиясында - 200-ден аса турист бар.