TikTok-та өзін алып қашты деп видео жариялаған қыз жазаланды

0
198

15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де К. TikTok желісіне өзін алып қашқаны туралы видео жариялағаны анықталған.


TikTok-та өзін алып қашты деп видео жариялаған қыз жазаланды

Нейрожелі арқылы жасалған сурет

ERNUR.KZ. Алматы облысында өзін алып қашты деп жалған видео жариялаған қыз сот алдында жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де К. TikTok желісіне өзін алып қашқаны туралы видео жариялағаны анықталған. Бұл видео әлеуметтік желіде таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған.

Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында жариялағанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Десе де әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және әрекетіне өкінетінін ескере отырып, айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, түпкілікті төлейтін сома 60 550 теңге болды.

Қаулы заңда күшіне енген жоқ.