Тоқаев министр Цойға бір ай уақыт берді

0
1 857

​Қазақстан президенті осыдан екі ай бұрын басталған халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысын сынға алды.


Тоқаев министр Цойға бір ай уақыт берді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бір ай ішінде жағдайды түземесе, қызметтен кетуі мүмкін екенін ескертті, деп жазады sputniknews.kz.

"Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін қазіргі кезеңде денсаулық сақтау министрі – үкіметтегі баста фигура екенін, сізде айрықша өкілеттіктер барын айтқан едім. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ арты сиырқұйымшақтанып кетті... Сәуір айы ішінде жағдайды түзетуіңіз керек. Әйтпесе, кадрлық шешім шығады, ол сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, бүкіл үкіметке қатысты", - деді Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі жиында.