Тоқаев оқиды деп үміттенемін: Леонид Млечин қаңтар оқиғасы жайындағы кітабы туралы

0
423

"Леонид Млечин тарихы" атты Youtube каналында осы аптадан бастап қаңтар оқиғасына қатысты көпсериялы фильм жарияланатындығын атап өтеді. Күн сайын бір сериядан көрсетілмек.


Тоқаев оқиды деп үміттенемін: Леонид Млечин қаңтар оқиғасы жайындағы кітабы туралы

ERNUR.KZ. Ресей қаламгері Леонид Млечин қаңтар оқиғасына қатысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан сұхбат алған-алмағанына қатысты сауалға жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

"24 желтоқсанда Алматыда өтіп бара жатқан жылда барлығын дүр сілкіндірген оқиғаға арналған "Қаңтар трагедиясы. Президент Тоқаев және сабақ алу" атты жаңа кітабымды ұсына алатындығыма сенімді болған едік. Бірақ, өкінішке орай бізді бірнеше жыл бойы әуре-сарсаңға салып келген вирус маған да жетті. Дәрігерлер маған ұшуға және біреулермен кездесуге тыйым салды. Сондықтан Қазақстандағы кітап тұсаукесер қаңтарға дейін кейінге шегеріледі. Осынау маңызды оқиға жайында кітап жазуыма не түрткі болғандығын айтып беру мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді ол.

Қаламгер әріптестерінің кітаптың қалай жазылғаны жайлы жиі сұрақ қоятындығын атап өтеді.

"Түсінгенім, барлығын Президент Тоқаевтан қаңтар оқиғасына қатысты сұхбат алған-алмағаныма қатысты сауал қызықтырады. Сұхбат болған жоқ. Президент менің мұндай кітап жазуға ниетім бар екендігін біледі. Бірақ жұмысым жазылғанға дейін де, жарық көргенге дейін де таныс болған жоқ. Мемлекет басшысы оны оқуға уақыт табады деп үміттенемін", - деді Леонид Млечин.

Сонымен қатар, ол "Леонид Млечин тарихы" атты Youtube каналында осы аптадан бастап қаңтар оқиғасына қатысты көпсериялы фильм жарияланатындығын атап өтеді. Күн сайын бір сериядан көрсетілмек.

Айта кетейік, таяуда Ресейдегі Қазақстан елшілігінде Леонид Млечиннің "Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков" кітабы таныстырылған еді.