Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған 31 томдық құжаттармен танысты

0
500

Мемлекеттік комиссияның қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған.


Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған 31 томдық құжаттармен танысты
ERNUR.KZ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған көптомдық таныстырылды, деп жазады Stan.kz



Мемлекеттік комиссияның қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған.

Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшелері еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізді. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысына әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша құжаттар мен материалдар негізінде құрастырылған 31 томдық құжат таныстырылған.

Биыл да мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.