Цой Тоқаевқа коронавирустың тағы бір жаңа штаммы таралғанын айтты

0
335

Коронавирустың жаңа штаммы алғаш рет 2020 жылы желтоқсанда Перуде тіркелген.


Цой Тоқаевқа коронавирустың тағы бір жаңа штаммы таралғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

Денсаулық сақтау министрі Президентке әлемде коронавирус індетінің жаңа "Лямбда" штаммының пайда болуы мен таралуы туралы айтты.
"Бұл вирус алғаш рет 2020 жылы желтоқсанда Перуде тіркелген. Бүгінде індеттің осы түрін 30 мемлекетте, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық адам жұқтырған", - деді Берік Уәли.