Цой желтоқсан айында болатын демалыстарға қатысты мәлімдеме жасады

0
624

Министр қазақстандықтарға адамдар көп жиналатын орындарға бармау керектігін ескертті.


Цой желтоқсан айында болатын демалыстарға қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды желтоқсандағы мереке күндері карантиндік шараларды бұзбауға шақырды, деп жазады Stan.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, республикадағы одан әрі эпидемиологиялық ахуал әрбір қазақстандықтың карантиндік шараларды сақтауына байланысты болады.


"Ұзақ демалыс күндері, желтоқсан мерекелері жақындағанын ескере отырып, сізді карантиндік шараларды сақтауға шақырамын. Адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, ұжымдық іс-шаралар өткізбеңіз", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.