«Түк дауысы жоқ екен»: қазақ әншілерінің караокеде орындаған әні сынға ұшырады (ВИДЕО)

0
271

​Өнер жұлдыздарының орындауы желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ.


«Түк дауысы жоқ екен»: қазақ әншілерінің караокеде орындаған әні сынға ұшырады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Желіде бір топ танымал әншінің караокемен орындаған әні жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеода әншілер Orda тобының «Белгісіз жан» әнін орындайды. Олардың арасынан Балжан Бидаш пен 2RAR-ды байқауға болады.

Алайда өнер жұлдыздарының орындауы желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ.

«Айқай-шу», «Жай айтса да дауыстарында бір әсер болуы керек қой. Бұл кісілер әнші ғой», «Түк дауыстары жоқ екен», «Ұят-ай», - деп жазды желі қолданушылары.