Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
фото go29.news
Қостанай облысында жанып жатқан тұрғын үйден 2 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін Ұзынкөл ауданында болған.
 «Сағат 04:00-де Бауман ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.  Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады. Тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 06:30 шамасында сөндірілді. Өрт сөндірушілер, жанып жатқан үйден 2 газ баллонын оқшаулады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне. 
Алдын ала болжам, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
