Түрікменстан мектептерінде президенттің портретін ауыстырып жатыр

0
744

«Хроника Түркіменстан» сайтының мәліметінше, портреттерді алу шығынын мектеп әкімшілігі көтереді.


Түрікменстан мектептерінде президенттің портретін ауыстырып жатыр
ERNUR.KZ. Түркімен мектептеріне жаңа президент Сердар Бердімұхамедовтың портреттері берілді. 1 мамырға дейін бұл суреттер директордың кабинетіне, мұғалімдер бөлмесіне, фойеге және әр аудиторияға ілінуге тиіс, деп жазады Zakon.kz.

«Хроника Түркіменстан» сайтының мәліметінше, портреттерді алу шығынын мектеп әкімшілігі көтереді.

Ауыл мектептеріне жаңа президенттің порстреттері әлі келген жоқ. Бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың портреттері 20-21 наурызда алынған.

Сонымен қатар білім бөлімінде 1 қыркүйекке дейін балабақшалар мен мектептерде кілемге тоқылған президент портреттері пайда болуы мүмкін екені айтылып жатыр. Олар әлдеқайда қымбатқа түседі.

Онымен қоса мектептерден экс-президент кітаптары бар бұрыштарды алып тастау туралы шешім қабылданды. Сөрелер мен шкафтардың орнына білім тақырыбына Сердар Бердімұхамедовтің дәйексөздері бар стендтер пайда болады.

2022 жылдың 12 наурызында Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Дауыс беру нәтижесінде Сердар Бердімұхамедов сайлаушылардың 72,97%-ының қолдауына ие болды.

Мемлекет басшысы лауазымына ОСК тіркеген тоғыз кандидат бақ сынады. Сердар Бердімұхамедовті Түркіменстан Демократиялық партиясы ұсынған. Ол үшін бұл –бірінші президенттік сайлау. Ол Түркіменстан президенті қызметін жеті жыл атқарады.