Туристер екі жылдан кейін Бозжырадағы қонақүйде демалады

0
215

​2027 жылы пайдалануға беріледі.


Туристер екі жылдан кейін Бозжырадағы қонақүйде демалады

Фото: Shutterstock

ERNUR.KZ. Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалында туристік жобаның құрылысы басталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған.

Кешен құрылысы отандық инвестор — «Pana Asia» ЖШС-нің жеке қаржысына салынады. Жоба авторларының айтуынша, визит орталығы экологиялық талаптарға және тұрақты туризм принциптеріне толықтай сай келеді.

Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған кешен 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін, Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салынатын болып, кейін жоба іске аспай қалған еді.