Жас әскерилерді өлгенше сабаған, тыр-жалаңаш етіп шешіндірген де, тірі қалқан ретінде пайдаланған, деді президент.
ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір адамдарды қаһармандардың қатарына қосудың қажеті жоқ. Бұл туралы "Россия 24" телеарнасына сұхбат берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Алматыдағы оқиғаға жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ал адам өлтірген, дүкен тонаған және мемлекет құрылымына қарсы шыққан адамдарды ұлттық қаһармандардың қатарына қосудың қажеті жоқ. Дегенмен біз рақымшылық танытып, ұсталған кейбір адамдарды туған-туыстарының өтініші бойынша босатып жатырмыз", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, осы уақытқа дейін 26 адам ғана бас бостандығынан айырылған. Басқа қылмыстық істер тергеліп жатыр. Оны қысқа уақыттың ішінде қарап шығу мүмкін емес.