UEFA президенті 16 жасар Дастан Сәтбаев туралы: ол нағыз жұлдыз болуы мүмкін

0
196

Ол 16 жастағы Дастан туралы "Челси" клубының өкілдерінен көптеген оң пікір естіген.


UEFA президенті 16 жасар Дастан Сәтбаев туралы: ол нағыз жұлдыз болуы мүмкін

Сурет: akorda.kz, Instagram/d.satpayev

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 25 сәуірде Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (UEFA) президенті Александр Чеферин қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевтың трансферіне қатысты пікірін білдірді, деп жазады zakon.kz.

Чефериннің айтуынша, ол 16 жастағы Дастан туралы "Челси" клубының өкілдерінен көптеген оң пікір естіген.

"Оған сәттілік жолдас болса, нағыз жұлдызға айналуы әбден мүмкін", – деп жауап берді УЕФА президенті журналист Әділ Балтабаевтың сұрағына.

Сонымен қатар Александр Чеферин қазақстандық футбол деңгейіне қатысты да өз пікірін білдірді.