Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді

0
413

Үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады.


Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді

ERNUR.KZ Су тасқыны салдарынан зардап шеккен Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 405 млн теңге бөлінді, деп жазады sputnik.kz


Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген үкіметтің төтенше резервінен қарастырылған.
"Қаржы Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді тіркеді.
Бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды. Сонымен бірге Арқалық қаласында және басқа да елді мекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасуда.
ТЖ режимі жарияланған басқа облыстарда да зардап шеккен нысандарды техникалық тексеру, бағалау және тізбесін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.