Жаңаөзендегі жағдай бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.
ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газ құю станцияларының иелеріне қатысты тергеуді бастады, деп жазады Экспресс К.
Олар алдын-ала сөз байласып, бағаны көтерді деген күдікке ілініп отыр.
"Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының ЖЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", — деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Газ бағасын көтермеу үшін арнайы шаралар қабылданып, облыстық әкімдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, көшеге шыққан тұрғындардың ісіне құқықтық баға береді.