Украина аумағында 200-ге жуық қазақстандық қалды – ҚР СІМ

0
463

Министрдің айтуынша, қалған азаматтарды Украинадан алып кету жоспарда жоқ.


Украина аумағында 200-ге жуық қазақстандық қалды – ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сенат кулуарларында тілшілердің сауалдарына жауап берген Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір соғыс қимылдары жүріп жатқанда және көптеген азаматтар Украинадан өз бетінше кетіп жатқанда, ел азаматтарының есебін жүргізу өте қиын. Бірақ өтініштер түсіп жатыр, консул Украина аумағында 200-ге жуық азамат болуы мүмкін деп есептейді", – деді Мұхтар Тілеуберді.

Министрдің айтуынша, қалған азаматтарды Украинадан алып кету жоспарда жоқ.

"Польша мен Молдоваға эвакуациялану үшін шекара ашық. Біздің елшілік шекарадан өтуге көмектеседі", – деді министр. Қазір дипломаттардың көпшілігі Варшаваға көшірілді. "Олар сол жерден жұмыс істейді. Бұған қоса, қазір Украинада жүрген азаматтарымызды күнделікті қабылдайтын Киевте консулымыз бар. Ол азаматтарымыздың сауалдарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Әзірге толық эвакуациялау туралы айтуға негіз жоқ", – деді Мұхтар Тілеуберді.