Украинада тұратын қазақстандық әйел азаматтығынан айырылған

0
813

Қыз азаматтықтан бас тарту туралы ешқандай құжат тапсырмаған.


Украинада тұратын қазақстандық әйел азаматтығынан айырылған

ERNUR.KZ. Украинада тұратын қазақстандық Ардақ Ешниязова Қазақстан азаматтығынан айырылған. Ақтөбе облысының Полиция департаменті оқиғаны қызметтік тексеруге кірісті, деп жазады tengrinews.kz.

Ардақ Ешниязованың туысы ZTB.KZ редакциясына хат жазған. Оның айтуынша, қыз азаматтықтан бас тарту туралы ешқандай құжат тапсырмаған.

"Ол тұрмысқа шыққан. Қазір Украинада, белгілі себептермен елімізге орала алмайды. Жақында Ақтөбе қаласындағы көші-қон қызметі оны азаматтықтан заңсыз айырғанын білдік. Ол заңды бұзған жоқ, Қазақстан азаматтығынан бас тартқан жоқ, басқа да төлқұжат рәсімдеуге құжат тапсырмады. Ненің негізінде? Біз барлық жерге түсіндіріп, көмектесу үшін ресми түрде өтініш жібердік, бірақ жауап жоқ. Қоңырауларға ешкім жауап бермейді. Біз ол үшін қорқамыз, өйткені Украинада соғыс жүріп жатыр. Кез келген адамға жеке құжаттар керек", - деп жазады қыздың туысы.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті редакциямызға қазіргі уақытта құжаттама жүйесіне түзетулер енгізу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта осы факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр және ҚР азаматтығын жоғалтуды жою мақсатында ҚР халқын құжаттандыру және тіркеу жүйесіне түзетуді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деді ПД өкілі тілшіге.