ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына араласпайды – ҚР СІМ

0
553

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.


ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына араласпайды – ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ресей мен Украинаның қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Тұтастай алғанда, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген. Және Ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шегінде қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына қатысуы мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Ол Қазақстан халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың дербес теңдігі мен бейбіт өмір сүру ұстанымдарын ұстанатынын атап өтті.