​Ұлттық кітапханада Түркология оқу залы ашылады

0
1 622

Оның мақсаты түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау, насихаттау және дамыту болып отыр.


​Ұлттық кітапханада Түркология оқу залы ашылады

ERNUR.KZ. Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Түркология оқу залы салтанатты түрде ашылады, деп жазады Baq.kz.

Зал Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деген жобаны қолға алу мақсатында ашылады.

Оның мақсаты түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау, насихаттау және дамыту болып отыр.

Іс-шара барысында ғылыми-танымал жазушы, аудармашы және түркітанушы НематКелімбетовты зерттеуге арналған «Қазақстанда қазіргі заманғы түркологияның дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция қатысушылары түркітанудың қазіргі жағдайы мен келешегін, түркі халықтарының мәдени және рухани құндылықтарын дамыту және насихаттау, тәуелсіздік тұрғысынан түркітану тарихын зерттеу, адамзат тарихындағы түркі өркениетінің рөлін талқылайды.

Сондай-ақ, жиын барысында «Раритет» баспасынан қазақ, орыс ағылшын тілдерінде басылып шыққан дүние жүзі түркологиясының тарихына арналған «ТҮРКОЛОГИЯ. Дүниежүзі түркологиясының тарихы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Сағат 16.30-да «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы шығарылып, «Үздік кітапханашы - 2018» және «Үздік кітапхана басшысы - 2018» номинациялары бойынша және үздік оқырмандарға естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, филология ғылымдарының докторы, профессорлар М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, филология ғылымдарының докторы, профессорлар: Х. Ю. Миннегулов (Қазан), Х. Касапоглы, (Анкара), Н. Рахманов (Ташкент), Р.Аскер (Баку), Т. Садыков (Бишкек) , А.М.Багиров (Мәскеу), белгілі орыс жазушысы, журналист және баспагер, қоғам қайраткері, орыс әдебиеті академиясының академигі (Мәскеу) Г. В. Пряхин және т.б.