«Атамекен» ҚР ҰКП БасқармаТөрағасы Абылай Мырзахметов БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) бас хатшысы Зураб Пололикашвили мен кездесті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атамекен» ҚР ҰКП БасқармаТөрағасы Абылай Мырзахметов БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) бас хатшысы Зураб Пололикашвили мен кездесті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП БасқармаТөрағасыныңорынбасары Юлия Якупбаева, ҚР Мәдениетжәне спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Майнура Мұрзамәдиеважәне «KazakhTourism» ҰК БасқармаТөрағасы Рушид Күзембаевқатысты.
Басқосуда тараптар визалық-миграциялық тәртіп, Қазақстан арқылы транзиттік жолаушылар ағымын дамыту әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан өнімінің бірегейлігін анықтау мәселелерін талқылады.
«Үкімет Қазақстандағы туризмді дамудың басым бағыттарының бірі ретінде белгіледі. Бүгінде өңірлерде осы саланы дамытуға айтарлықтай назараударылып отыр. Біз барлық өңірдегі туристік нысандарға инвентаризация жүргіздік, жол картасы дайындалды, өңірлік туристік қауымдастықтар құрылды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен құрылған қауымдастықтар туристік фирмаларға, көлік компаниялары мен қонақ үй бағытында қызмет атқаратын кәсіпкерлердің басын қосып, мәселелерді талқылап, түсіндіре алады», –деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Өз кезегінде Зураб Пололикашвили Қазақстанға деген ықыласы мен зор алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
«Қазақстан байтақ та көркем. Қызықты орындар өте көп, өкініштісі, өзім әлі ол жерлерге бармадым. Алматы туралы көп естідім. Сондай-ақ, Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы, оның ішінде туризм саласында қауіп өте төмен екенін атап өткім келеді. Көршілес жатқан Қытай мен Ресей – туристер ағымының кепілдендірілген нарығы. Бір ғана міндет – сапалы өнім шығару», –деп атап өтті UNWTO бас хатшысы.