Каролин Левитт АҚШ-тың бұған дейінгі әкімшілігін айыптап, Ақ үйдің кейбір ессіз шығындары туралы айтты.
ERNUR.KZ. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің тиімсіз шығындарын жариялап, Қазақстанды да атап өтті, деп жазады baq.kz.
Каролин Левитт АҚШ-тың бұған дейінгі әкімшілігін айыптап, Ақ үйдің кейбір ессіз шығындары туралы айтты.
Мысалы Гватемаладағы "жыныс ауыстыру" бағдарламасына 2 миллион доллар жұмсалған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов та сөз қозғап, қоғамға жат әсері бар бағдарламаларды тексеруге шақырды. Себебі оның айтуынша, 2022-2025 жылдары USAID Орталық Азияда адам құқықтары мен теңдікті нығайтуға $2 млн бөлген. Ол бұл бағдарламаның атқарушысы Еуропалық халықаралық лесби, гей, бисексуал, трансгендер және интерсекс қауымдастығы екенін мәлімдеді.
Ал Қазақстандағы "жалған ақпаратқа қарсы күреске" 4,5 миллион доллар бөлінді, - деді Левитт.
Айта кетейік, 5 ақпанда USAID бүкіл әлем бойынша қызметкерлерін әкімшілік демалысқа жіберетінін хабарлады. Ал бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) басшылығында алдағы отставкалар болатынын мәлімдеген еді.