Қаулы бүгіннен бастап яғни 27 қыркүйекте күшіне енді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакцинацияланған азаматтар "Ashyq" қосымшасында "жасыл" мәртебесінен қандай жағдайда айырылатынын мәлімдеді, деп жазады qamshy.kz.
Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғандарға бірден "жасыл" мәртебе беріледі. Бұл мәртебе оларда 21 күн бойы сақталатын болады. Ал азаматтар 21 күннің ішінде вакцинаның екінші компонентін алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде "көкке" ауыстырылады.
COVID-19-ға қарсы толық вакциналау курсынан өткендер үшін "жасыл" мәртебе бір жыл бойы сақталады.
Қаулы бүгіннен бастап яғни 27 қыркүйекте күшіне енді.
Еске сала кетейік, үш ай ішінде коронавируспен ауырғандар, медициналық рұқсатнамасы барлар, жүкті әйелдер, сондай-ақ бір апта ішінде ПТР талдауын тапсырған азаматтар “Ashyq” қосымшасында “жасыл” мәртебеге ие.