Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр

0
521

9 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызылған су көлем 1670 м3 / с.


Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр

ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр, деп жазады baq.kz.

Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, өткен тәулікте 2024 жылғы 9 сәуірдегі таңғы сағат 8.00 жағдай бойынша:

- Индербор кентіндегі гидропостта БҚО тарапынан судың келуі есебінен cу деңгейі 33 см биіктікте көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 216 см.

- Махамбет кентінде су деңгейі 60 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілу деңгейі 178 см.

- Атырауда 30 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 58 см.

9 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызылған су көлем 1670 м3 / с , - делінген хабарламада.