Тамыздың соңында Малыбаевтың орынбасары ұсталған болатын
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев қызметінен кетті, деп жазады sputnik.kz.
"Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Б.А.Малыбаев өзінің берген рапортына сәйкес ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметінен босатылды", - деді министрліктегілер.
Айта кетейік, ️тамыздың соңында Малыбаевтың орынбасары ұсталған болатын. Ол жұмыстан босатылып, тергеу изоляторына қамалды. ІІМ оның ұсталу себебін ресми түрде жариялаған жоқ.
Бұл жағдайдан кейін күдіктінің бастығы, полиция департаментінің басшысы Малыбаев отставкаға кету туралы арыз жазған.