Жеті және тоғыз жастағы балалар жүк пойызының вагонына жармасып, үстіне шығып алған. Олар басқа ауылда тұратын әкелеріне барғысы келген.
ERNUR.KZ. 7 жастағы баланың өлімін Талас облысының орталық аудандық ауруханасы растады. Баланың алған жарақаты өте ауыр болған, деп жазады stan.kz.
“Ауруханаға келгенде екі балаға да бас-ми жарақаты, қатар жүретін жарақат деген диагноз қойылды. 2015 жылы туған бала алған жарақатынан көз жұмды. Екінші баланың жағдайы орташа ауыр, ол қазір хирургия бөлімінде жатыр”, - деп мәлімдеді Талас ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев.
Әзірге дәрігерлер ешбір болжам айтпайды. Қазірге дейін белгілісі, бір күн бұрын жеті және тоғыз жастағы балалар жүк пойызының вагонына жармасып, үстіне шығып алған. Олар басқа ауылда тұратын әкелеріне барғысы келген.
Еске салайық, Жамбыл облысында ағайынды екі бала жүріп келе жатқан пойыздан секіріп кеткені туралы жазған болатынбыз.