Жамбыл облысында жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келді

0
514

Бұған дейін Жамбыл облысында аяз бен желдің кесірінен 20-дан астам пойыз рейсі кешіккені белгілі болған.


Жамбыл облысында жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келді

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" кәсіпорны Жамбыл облысындағы қиын жағдайдағы учаскеде жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілгенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Компанияның хабарлауынша, облыстың теміржол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыздардың жылдамдығын шектеу белгіленген.

Жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпаратты "1433" тегін нөмірі және Telegram KTZH_PP_BOT чат-боты арқылы алуға болады", - делінген хабарламада.

ҚТЖ-да төтенше жағдайлар кезінде пойыздар қозғалысын үйлестіру үшін барлық тартылған қызметтердің қатысуымен жедел штаб жұмыс істейді.

Ауа райы қолайсыз болып, көру қиындаған жағдайда Жамбыл облысының теміржолшылары тәулік бойы қарға қарсы күресіп жатыр. 13-15 желтоқсан аралығында 11 мың текше метрден астам қар жиналды. Арнайы техника жолдарды тазалауға қолданылды.

Бұған дейін Жамбыл облысында аяз бен желдің кесірінен 20-дан астам пойыз рейсі кешіккені белгілі болған.