Қайғылы оқиға 6 қаңтарда болған.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде ресейлік әйел көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.
"Алматыдағы Ресейдің бас консулдығына Жамбыл облысы Тараз қаласында 6 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде Ресей азаматы бандиттердің қолынан көз жұмғаны туралы ақпарат түсті. Ол - 1995 жылы туған М. В. Ким. Оның 3 баласы болған. Қылмыс әйел жұмыстан шығып бара жатқанда жасалған", - деп жазылған хабарламада.
Елшілік Қазақстанның құқық қорғау органдарынан бұл қылмысты мұқият және жан-жақты тергеуді сұрайды.
"Біз қылмыскерлердің кім екені анықталып, олар заң аясында жазасын алады деген үміттеміз", - деп жазылған хабарламада.
Дипломаттардың мәліметінше, Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы марқұмның анасымен, оның туыстары байланысқан. Олар облыс басшылығына марқұмның отбасына көмек көрсету туралы өтініш жолдаған. Бүгінде Кимнің отбасына материалдық көмек беру мәселесі пысықталып жатыр.