Жамбыл өңірі инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша республикада 3-орында тұр

0
53

Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны республика бойынша 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша 5-орында.


Жамбыл өңірі инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша республикада 3-орында тұр

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің шамамен 63%-ы өңдеу секторына тиесілі, ондағы кәсіпорындармен республика бойынша 100% натрий триполифосфаты, натрий цианиді өндіріледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, өңірге тартылған инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы 5 облыс қатарында. Ал, инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-ші орында.

«YONGGANG IRON AND STEEL GROUP CO., LTD жылына 3 млн тоннаға дейін прокат металл бұйымдарын өндіру бойынша металлургиялық зауытын; ЕВРОХИМ УДОБРЕНИЯ жыл соңына дейін жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін өндірістің бірінші кезеңін іске қосу жоспарлануда. 2026 жылы – жылына 1 млн тонна күрделі тыңайтқыштар шығаратын зауыт іске қосылады; «ZHONGKAI KAZAKHSTAN INTERNATIONAL SUGAR INDUSTRY COMPANY» қуаттылығы жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, 130 мың тонна қант, 72 мың тонна қызылша ұны мен 54 мың тонна меласса шығаратын заманауи қант зауытының құрылысы басталды. QAZAQ SODA жылына 1 млн тонна кальцилендірілген сода өндірісі; ШОКПАР-ГАГАРИНСКОЕ Қордай ауданындағы Гагаринское кен орнында жылына 500 мың тонна құрамында алтын бар кен өндіретін тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды», – деді әкім.

Сондай-ақ ALTYNALMAS REAGENTS жылына 25 мың тонна натрий цианиді өндірісі; KAZAKHSTAN HYDROGEN PEROXIDE жылына 30 мың тонна сутек пероксиді өндірісі; TOTAL EREN энергия сақтау жүйесі бар қуаттылығы 1 гигаватт жел электр станциясының құрылысы; MASDAR 300 мВт энергия сақтау жүйесі бар қуаттылығы 1 гигаватт жел электр станциясының құрылысы сынды жобалар бар. Осы ірі инвестициялық жобаларды ғана іске асырудың есебінен облыс экономикасына 3,8 трлн тенге көлемінде инвестиция тартылады. Аталған жобалардың басым бөлігі «Jibek Joly» арнайы экономикалық аумағында және «Тараз» индустриялық аймағында орналасқан.

«Jibek Joly» арнайы экономикалық аумағының жалпы ауданы- 905 га. Оның аумағын 1,2 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланған. Мұнда жалпы құны 1,6 трлн теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, онда 5,2 мың жұмыс орны құрылады. Оның 8-і бойынша 975 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары басталды. Қалған жобалар жобалау сатысында.

«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1300 жұмыс орны құрылатын 113 млрд теңгеге 23 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның 11,3 млрд теңгеге 9 жобасы пайдалануға беріліп, 200 жұмыс орны ашылды.

Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен 32,5 мың кәсіпкерге 290 млрд теңге несие берілді. Берілген несиелердің ішінен мемлекеттік бағдарламалар аясында 52,1 млрд теңгеге 1218 жоба іске асырылды.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ауданы 40 мың шаршы метр өндірістік жайлары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылып, онда 1,7 млрд теңгеге 3 жоба жүзеге асырылды.