Жан түршігерлік кадрлар: Астанада көпқабатты үйдегі лифтті әйел қиратып кеткен

0
840

Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.


Жан түршігерлік кадрлар: Астанада көпқабатты үйдегі лифтті әйел қиратып кеткен

ERNUR.KZ. Астанада "Аурика" тұрғын үй кешеніндегі лифтте әйел погром ұйымдастырды, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 1 қаңтарда тұрғын үй кешеніндегі жаңа лифтке әйелдің зақым келтіргені туралы видео пайда болған еді. Астана тұрғынына лифт неліктен ұнамағаны белгісіз. Үй тұрғындары полицияға хабарласқан.

Әкімдіктің хабарлауынша, оқиға Жирентаева көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Белгісіз әйел лифтке кіріп, оны теуіп, кабинаны жұдырықпен ұрып, тырнап, қабырғаларға түкіре бастаған.

Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады.

"Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орындарды ластағаны үшін ӘҚБтК-нің 434 баптың 1-бөлігі, 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды