Жаңа заң бойынша енді АҚШ-та шот ашқан тұлғалар туралы ақпарат белгілі болады

0
691

Заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік және брокерлік ұйымдардың қызметтерін қамтиды.


Жаңа заң бойынша енді АҚШ-та шот ашқан тұлғалар туралы ақпарат белгілі болады

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс отырысында «Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Осы заңға сәйкес АҚШ қаржы ұйымдары мен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін шетелдік қаржы ұйымдарының бәрі АҚШ-қа салық төлеушілердің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті. Заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік және брокерлік ұйымдардың қызметтерін қамтиды. Осы режиімге қосылмаған жағдайда егер аударылған қаражат АҚШ-тағы инвестициялармен байланысты болса, халықаралық банк аударымдардың 30 пайызы ұсталуы мүмкін. Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға міндетті болады. Өз кезегінде Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді», − дейді министр.