Жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланады - ДСМ

0
802

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын.


Жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланады - ДСМ

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың жаңартылған статистикасы 2 тамызда жарияланатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз өте қиын процесс өткіздік. Екі апта ішінде науқастарды тіркеу жүйесінің сенімділігі үшін кодтау алгоритмі мен нұсқаулықтар жасалды. Біз қолданыстағы ақпараттық жүйені құрдық, осы кезең ішінде бүкіл медицина қызметкерлеріне жаңа деректерді қалай дұрыс енгізу керектігін үйреттік. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілінің техникалық кеңесіне сәйкес жаңа мәліметтер екіге бөлінді. Бірақ екі бөлік те коронавирус инфекциясы бар пациенттер ретінде қарастырылады», - дейді Бағдат Қожахметов.

Ол коронавирустық инфекция жағдайында кодтау алгоритмі екі кодпен, яғни ПТР сынағы оң болған кезде расталған жағдайлар үшін және расталмаған, ықтимал жағдайлар үшін қолданылады деді.

Оның айтуынша, жаңа тәсіл ауру туралы дұрыс болжам жасауға және статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Жаңа тәсіл аурудың алдын-ала дұрыс болжамын жасауға, барлық қажетті ресурстарды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді: қанша дәрігерді тарту керек, ауруханаларда қанша төсек дайындау керек. Тұтастай алғанда, бұл статистиканың ашықтығын қамтамасыз етеді, бұл өте дұрыс шешім, ол тиісті нәтиже береді», - деді Б.Қожахметов.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын. Кейін коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні анықталды.

Сонымен қатар, Елімізде COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізілетіндігі айтылды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус статистикасы жаңаша қалай жүргізілетінін түсіндірді.