Құжат қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына 4 сәуірге дейін орналастырылды.
ERNUR.KZ. АШМ Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйым инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекіту жайлы қаулыға енгізілетін өзгерістерді әзірледі, деп жазады zakon.kz.
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектор мынадай арнайы құралдармен қамтамасыз ету ұсынылады:
- жеңіл соққы құралдары;
- қозғалысты бұғаттау құралдары;
- сигналдық зымырандар;
- қызметтік табельдік қаруға арналған патрондар немесе резеңке оқтар.
Қазіргі уақытта олардың қолында бар құралдар:
- кісендер (БР, БР-С);
- резина таяқша (арнайы);
- механикалық әсерлерден қорғауға арналған кеудеше;
- жалтырауық шам;
- автокөлікті мәжбүрлеп тоқтату құрылғысы ("Еж-М").
Ауылашаруашылығы министрлігі инспекторлар құрамын қосымша, заманауи, практикалық және сақтауға ыңғайлы арнайы құралдармен жабдықтау инспектордың өміріне қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін баса атап өтеді.
Құжат қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына 4 сәуірге дейін орналастырылды.