Министр Жаслан Мәдиев оның нақты санын айта алмады.
фото: Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. "Digital Almaty -2025" форумында жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыс күшіне қалай әсер ететіні айтылды, деп жазады sputnik.kz.
Бес жылда 1 млн қазақстандық жасанды интеллектіні меңгереді. Олар оқушылар, мемлекеттік корпорация қызметкерлері. Білім алам деушілерге шектеу жоқ.
Жасанды интеллект дамыса, Қазақстанда қанша адам жұмыссыз қалады деген журналистердің сұрағына цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жауап берді.
"Жасанды интеллектінің қарапайым жұмыс күшіне қаншалықты әсер ететінін есептеп жатырмыз. Жаңа технологияны пайдаланғанда, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Ал Қазақстанға жасанды интеллект не үшін керек, мысалы 5 күнде істелетін жұмысты 4 күнде атқарып тастауға болады", - дейді министр.
Жаслан Мәдиев жаңа технологияның тиімді тұстарын ғана айтты.