Алматыдағы Little Brazil караоке-барында олигархтар Бахарадин Әбләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдары қатысқан жаппай төбелес үшін сотталғандардың арасында актер Асқар Жұмабек те болған еді.
Фото: https://www.instagram.com/askarzhumabeqov/
ERNUR.KZ. Мейрамханада жанжал шығарып, алты жыл, алты айға қамалған актер Асқар Жұмабеков бостандыққа шығып, жақындарымен қауышты, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі желіде жазба жариялап, қиын сәтте жанынан табылған ата-анасы мен жақындарына алғыс айтты.
“Бүгін жақындарым, достарым келіп отыр. Бәріңе Алланың нұры жаусын! Маған істеген жақсылықтарың өздеріңе екі еселеніп қайтсын. Жақсы күндеріміз көп болсын. Ешкімнің басына түспесін, мұндай сынақпен ешқаймыңызды сынамай-ақ қойсын. Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін. Бәрің мен үшін жүгірдіңдер. Білемін. Сендерге басымды иіп тұрып, рақмет айтамын. Папа, мама, бауырларым сіздерге де рақмет! Бауыр деген орны бөлек. Сіздерге деген ризашылығым шексіз. Бәрі жақсы болатынына 200 пайызға сенімдімін", – деді актер.
Айта кетейік, Алматыдағы Little Brazil караоке-барында олигархтар Бахарадин Әбләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдары қатысқан жаппай төбелес үшін сотталғандардың арасында актер Асқар Жұмабек те болған еді.