Видео кешқұрым уақытта түсірілген. Кадрда төбелестің қарапайым адамдар мен полицейлер арасында болғаны анық көрінеді.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Оқиға Индер ауданы Ербол ауылында болған. Полицейлер мен тұрғындар арасындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр, деп жазады sn.kz.
Видео кешқұрым уақытта түсірілген. Кадрда төбелестің қарапайым адамдар мен полицейлер арасында болғаны анық көрінеді.
Видео авторы ҚР президенті, Бас прокуратрура мен Ішкі істер министрлігіне үндеу жасап, полицейлердің тұрғындардың біріне газ шашып, электрошок қолданғанын айтқан. Осылай дей келе, автор қандай да бір шара қолдануын сұраған.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іспен қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.