Жеңіске 80 жыл: парадқа қатысқан қазақстандық әскерилер Мәскеуден оралды

0
124

​Әскерилер мінген ұшақ Талдықорған қаласына қонды.


Жеңіске 80 жыл: парадқа қатысқан қазақстандық әскерилер Мәскеуден оралды

ERNUR.KZ. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеудегі парадқа қатысқан қазақстандық әскерилер елге оралды, деп жазады sputnik.kz.

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы десанттық-шабуылдау әскерінің 37-ші бригадасынан 80 әскери қызметшісі Ресей астанасына аттанған болатын.

Әскерилер ұшақпен Талдықорған қаласына оралды.

"Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын", - дейді аға лейтенант Ерзат Қосын.

9 мамыр күні қазақстандық десантшылар Қызыл алаңмен салтанатты шерумен өтіп, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен азаттығы жолында күресіп, қаза тапқан жауынгерлер мен көзі тірі ардагерлерге тағзым етті.