Қанды қылмыс Боралдай кентінде болған.
Фото: kriminal_kazakhstan
ERNUR.KZ. Алматы облысы Боралдай кетінде төбелес орын алып, жас жігіт қаза тапқан. Дереккөзге сүйенсек, 10 мамыр күні «Эдельвейс» дәмханасында жұмыс істейтін екі жігіт 70 мың теңге пайда үшін төбелесіп, біреуі ауруханада көз жұмған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Криминалды Қазақстан» паблигінің мәліметіне сүйенсек, қаза тапқан баланың аты – Бахром. Ол 10 мамыр күні «Эдельвейс» деген дәмханада жұмыс істеген. Кешке 70 мың теңге үшін төбелес басталып, күдікті марқұмды бір сағатқа жуық уақыт сабаған көрінеді.
«Баланың туыстары сол күні кешкі сағат 20:18-ден бастап сағат 21:04-ке дейін Бахромның аяусыз соққыға жығылғанын айтады. Алдын ала сараптама баланың көкбауыры үзіліп кетіп, ішіне қан кеткен», - деп жазады дереккөз.
Жақындарының айтуынша, қатты соққылардан Бахром құсып, айналасы қанжоса болған. Бірақ, жақындарының айтуынша, жедел жәрдем келгенше баланы ұрып-соққан жігіттер жан-жағын тазалап үлгерген.
Оқиға орнына 21:04-те келген жедел жәрдем баланы ауруханаға апарғанмен ондағы дәрігерлер бозбаланың көз жұмғанын айтқан.
Біз осы іске қатысты Алматы облысының полиция департаментінен комментарий сұраттық.
Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын Алматы облысы Талғар ауданында бір жас жігітті ауылдастары екі өкпесіне пышақ сұғып, өлтірген болатын.


