Қазақстанда тіркелетін барлық жол апатының төрттен бір бөлігі қаланың үлесінде.
ERNUR.KZ. Елімізде жол апатынан бір жылда 410 адам көз жұмған, көрсеткіш 13%-ға артқан, деп жазады inbusiness.kz.
Биыл қаңтар-наурызда Қазақстанда 2,6 мың жол апаты тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8%-ға аз. 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2,62 мың жол-көлік оқиғасы болды, бір жылда минус 4,3%. Елімізде жол апаты көбінесе Алматы қаласында тіркеледі (664 дерек). Өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз.
Қазақстанда тіркелетін барлық жол апатының төрттен бір бөлігі қаланың үлесінде. Жол-көлік оқиғасы жиі болатын аудан – Алмалы (118 дерек). Екінші орында Алматы облысы тұр (451 дерек). Бір жылда минус 11,9%. Үшінші орында Жамбыл облысы (265 дерек), бір жылда плюс 25,6%.
Жол апаты ең аз тіркелетін өңір – Солтүстік Қазақстан облысы: өткен жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста барлығы 35 дерек тіркелді. Қазақстанда жол апаты санының қысқаруына қарамастан оқыс оқиғадан зардап шеккендер саны былтырғы деңгейде (4 мыңға жуық адам).
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жараланғандар саны бір жылда 1,3%, 3,6 мың адамға дейін азайған, оның ішінде 1,7 мың адам ауруханаға жатқызылды. Жараланғандардың 1,9 мыңы – ерлер, 1,7 мыңы – әйелдер, 638 мыңы – балалар.
Қаза тапқандар саны бір жылда 12,9%-ға өскен: 410 адам (304 ер, 106 әйел, 30 бала). Өңірлік бөліністе зардап шеккендер 20,5%-ы Алматыда (812 адам), өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға артық. Кейін Алматы (781 адам) және Жамбыл (481 адам) облыстары. Бұл 3 аймаққа Қазақстанда зардап шеккендердің 52,3%-ы тиесілі.