Ауа-райының бұзылуына байланысты ведомство жүргізушілерге тез арада қысқы немесе тікенекті шиналар орнатуға кеңес береді.
ERNUR.KZ. Елімізде өткен аптаның өзінде 210 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 39 адам опат болған. Ал, 289 адам жарақат алған. Бұл статистика Ішкі істер министрлігін ғана емес бүкіл елді елең еткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Апаттардың негізгі себебі – жол тәртібін сақтамау. Көбінесе жылдамдықты арттырып жүйітку, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау соңы қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда, дейді тәртіп сақшылары. Ауа-райының бұзылуына байланысты ведомство жүргізушілерге тез арада қысқы немесе тікенекті шиналар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар жүргіншілерге де өте мұқият болу керектігін ескертіп жатыр.


