Қазір Қазақстан Президенті Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүр.
ERNUR.KZ. Журналист Әділ Балтабаев Қазақстан Президентінің аяқкиімі туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Қазір Қазақстан Президенті Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүр. Мемлекет басшысының ресми Telegram-арнасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарынан суреттер жариялады.
Президентпен түскен суреттердің біріне қазақстандық журналист Әділ Балтабаев пікір білдірді. Ол Мемлекет басшысы өзбекстандық әріптесімен кездесуге отандық аяқкиіммен барғанын атап өтті.
"Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өнімге басымдық беруі бірінші рет емес. Мемлекет басшысы еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барған кезде де қазақстандық аяқкиіммен жүрді", - деді журналист Telegram-арнасында.