Адыраспан ұлды болуға көмектеседі

0
7 263

​Адыраспан ертеден келе жатқан шипалы өсімдіктердің бірі. Мұны қазақ халқы ертеден біліп, пайдаланып келеді. Көбіне адыраспанның әр үйдің шаңырағында ілініп тұрғанын көреміз. Осылайша ол бұл отбасын жамандықтан сақтап, аластайды деген түсінік қалыптасқан. Алайда бұл дін жағынан алып қарағанда дұрыс пікірге жатпайды. Тек халық арасында сақталып қалған наным-сенімдердің бірі. Сондықтан да адыраспанды тек үйдегі микробтарды өлтіру үшін пайдаланған абзал.


Адыраспан ұлды болуға көмектеседі

Адыраспан ертеден келе жатқан шипалы өсімдіктердің бірі. Мұны қазақ халқы ертеден біліп, пайдаланып келеді. Көбіне адыраспанның әр үйдің шаңырағында ілініп тұрғанын көреміз. Осылайша ол бұл отбасын жамандықтан сақтап, аластайды деген түсінік қалыптасқан. Алайда бұл дін жағынан алып қарағанда дұрыс пікірге жатпайды. Тек халық арасында сақталып қалған наным-сенімдердің бірі. Сондықтан да адыраспанды тек үйдегі микробтарды өлтіру үшін пайдаланған абзал.

Айта берсек адыраспанның пайдалы қасиеттері өте көп. Дегенмен, қазақтың даласында өсетін бұл өсімдіктің біз білмейтін ерекшеліктері де бар екен. Түрлі дертке дауа болып келе жатқан адыраспан ұл бала сүюге көмектеседі дегенге сенесіз бе?

Қазақ болған соң отбасында ұл баланың болғанын қалайтынымыз анық. Егер де еркек кіндік жалғаспай қалса, «ұрпағымды жалғастыратын ізбасарым болмады» деп ағаларымыз тағдырына налып жатады. Бәрі де Жаратушының қолында екені рас. Әйткенмен де ұлды армандап, аңсап жүрген ағаларымызға бақыт сыйлағысы келетін әрбір әйел халық еміне де жүгінеді. Өйткені адыраспан қайнатпасы денеге жиналған суықты айдап, ағзаны қалыпқа кетіруге көмектеседі.

Ең алдымен бір бума адыраспанды үлкен қазанға салып қайнатып алады. Сосын осы суды үлкен ыдысқа құйып, дене күймейтіндей етіп ыстықтай соған түседі. Яғни, отырған кезде емдік суд бөксеге дейін жетіп тұрғаны дұрыс. Сөйтіп айналасын көрпемен немесе қалың матамен жауып, ауа кірмейтіндей етіп қымтап тастауы тиіс. Осылайша емді жарты сағаттан қабылдап, үш күн бойы жалғастырады. Адыраспанмен бұлау қабылдаған күндері барынша жылы киініп, суық суға қолды салмаған абзал. Жалпы 10 күннен бір айға дейін күтімді жалғастырып, шипалы емнің нәтижесін күту керек.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы