АНАНАС күзде мазалайтын АЛЛЕРГИЯДАН құтқарады

0
4 631

Ауруыңыздан 5 күнде-ақ құлан-таза айығасыз.


АНАНАС күзде мазалайтын АЛЛЕРГИЯДАН құтқарады

фото: tr.pinterest.com

Күз – аллергияның қатты белең алатын уақыты. Көбінесе суықтан, жаңбырдан, жапырақтан аллергия мазалайды. Статистикалық мәліметке сүйенсек, әр 10 жыл сайын аллергиямен ауыратындардың саны 2 есеге артып отырады екен. Бұл дегеніңіз, адамның ағзасы жыл сайын әлсізденіп жатқанын көрсетеді. Әсіресе, иммундық жүйесі әлсіз адам аллергияға бейім келеді екен.


Аллергиясы бар адамдар ауруы қоза бастағаннан-ақ гистаминге қарсы дәрі ішуді бастайды. Дәрі сізді мұрныңыздың, көзіңіздің, құлағыңыздың қышығанын басып, түшкіргеніңізге ем болғанымен, бауырды, бүйректі, жүректі зақымдайды. Ендеше, тамақтану мәзіріңізді дәрумен қорына молайтыңыз. Одан бөлек, С дәрумені мен фолий қышқылын қабылдаңыз. Бұл екі пайдалы зат иммунитетті нығайтады, суыққа қарсы күресуге күш береді, аллергияны емдейді. Ал бұл заттарға мына азықтар бай.


Брокколи

С дәруменіне бай бұл көкөніс – антиоксиданттың қызметін керемет атқарады. Оған қоса, аллергияны емдеп, суыққа қарсы күресуге күш береді. Ал құрамындағы флавоноид кемпферол ағзаны қуаттандырады.


Пияз бен сарымсақ

Кверцетин затына бай бұл екі көкөніс аллергияны емдейтін «супер дәрі». Ол гистаминның қызметін атқаратын табиғи дәрі. Кверцетин иммундық жүйені нығайтып, аллергияның көзін біржолата құртады. Егер пияз бен сарымсақты үзбей жейтін болсаңыз, түшкіру, мұрыннан су ағу, мұрын біту, көз қызару секілді аллергиялық белгілерден арыласыз.

Осындай керемет кверцитин затын алманың, қызыл жүзімнің және грейпфруттың құрамынан да табасыз.

фото: ru.pinterest.com


Көктер

Каротиноид затының қайнар көзі саналатын көктер де аллергияның таптырмас дәрісі екен. Әсіресе, ақжелкенді ерекше айтып өткен жөн. Егер аллергияның әсерінен мазасыздана бастасаңыз, дереу ақжелкен жеңіз. Сонда тек аллергияны емдеп қана қоймайсыз. Оған қоса, несеп жолдарының жұмысын жақсартасыз.


Ананас

Жемістің құрамындағы бромелайн заты суыққа қарсы күресетін бірден-бір пайдалы зат. Одан бөлек, иіс сезу мүшесінің іскенін, қызарғанын, қабынғанын емдейді. Тыныс алу жолдарына да шипа болатын қасиетке ие. Әсіресе, бронх демікпесі бар адамдарға үзбей ананас жеуге кеңес береміз. Сонда ағзаңызды С дәруменімен байытып, суыққа қарсы күресуге күш аласыз.


Ақбақай

Ғалымдар ақбақайдың (белокопытник) жапырағы мен тамырынан дайындалған тұнба «Тавегил» мен «Супрастин» дәрісінің қызмет атқара алады. Гистаминдік дәріні дайындау үшін термосқа 2 ас қасық ақбақайдың жапырағы мен тамырын саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, қақпағын жабасыз. Шамамен жарты сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішесіз.

Тұнба іше алмасаңыз, онда дәріхана сөресінен табылатын ақбақай шөбінен дайындалған дәріні сатып алып, күніне 2 рет ішіңіз.

Бұл емдік шөпті қабылдасаңыз мұрынның бітелуінен, су ағуынан, түшкіруден, көздің жасаурауынан 5 күнде-ақ құлан-таза айығасыз.

фото: poleznii-site.ru


Қалақай

Қалақай (крапива) аллергиямен күресетін бірден-бір емдік шөп. Аталған шөптен дайындалған тұнбаны ішсеңіз, көздің жасаурауы, мұрынның бітелуі және түшкіру сияқты аллергия белгілерінен біржолата құтыласыз. Ол үшін қалақайды 2 тәсілмен дайындап ішіңіз.

1-тәсіл

Термосқа 3 шай қасық қалақай жапырағын саласыз. Үстіне 0,5 литр қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 кеседен күніне 3-4 рет ішіңіз.

2-тәсіл

Эмаль ыдысқа 1 литр су құйыңыз. Оған 1 бас пияз бен 1 тіс сарымсақты салып, отқа қойыңыз. Су қайнаған соң жарты стақан наурызгүлді (первоцвет) салып, 5 минуттай қайнатыңыз. Осы уақыттан соң қайнатпаға 1 стақан қалақай жапырағы мен туралған балдыркөкті қосып, 3 минуттай баяу отта қайнатасыз. Сонан соң қайнатпаға куркума, ащы қара бұрыш, балдыркөк дәні мен шарап сірке суын қосыңыз. Тағы да 5 минут қайнаған соң емдік тұнбаны сүзіп алып, ем ретінде ішесіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: meduniver.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көзіңіз ІРІҢДЕСЕ АСКӨК тұнбасымен емдеңіз


Миоманы ОТАСЫЗ-АҚ кетіруге болады


ҚАНЫҢЫЗ азайса КАКАО қосылған сары МАЙ жеңіз