​БАЛА көтеруге көмектесетін АЛТЫ мүмкіндік

0
24 859

Сәби - Алланың берген ұлы сыйы. Мұндай бақытқа жету үшін 6-ақ қадам жасасаңыз жеткілікті.


​БАЛА көтеруге көмектесетін АЛТЫ мүмкіндік

фото: beritagar.id

Ұзақ жылдар бойы бала көтере алмай жүргендердің жүйкесі әбден жұқарып медицинадан да, емшілерден де көңілі қалатыны жасырын емес. Бірақ үміттің соңғы уақытта үзілетінін ескеріп, мына әдісті қолданып көріңіз. Бұл ем бала көтеріп, ана бақытына бөленуге септігін тигізеді. Бастысы тыңғылықты, ұқыпты, уақытылы емделсеңіз болғаны.

  1. Сәлбен (шалфей) – фитогормонның қайнар көзі болып табылады. Ол аналық гормондарының өмір сүруін жақсартуға қабілетті. Егер сәлбен тұнбасын үзбей ішетін болсаңыз, онда барлық шәует аналық жасушаға топтасады да, нәтижесінде ұрық пайда болады.

Қасиеті мол сусынды дайындау үшін 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған сәлбенді салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 2 рет қабылдайсыз. Егер 1 айда нәтиже бермесе, онда бір ай үзіліс жасап, келесі айдан бастап қайта жүргізесіз.

Ескеріңіз! Емді еттекір келген кезде қабылдауға болмайды.

фото: polza-ili-vred.ru


2. Асқабақ – Е дәруменіне бай. Бұл әйел ағзасындағы гормондардың балансын бірқалыпты ұстайды. Сондықтан да құрамында асқабақ бар тағамдарды, шырынды, пісірмені, тәттілерді көбірек жеңіз.


3. Аскөк пен ақжелкен қайнатпасы – антибактериялық қасиетке ие. Ол бойыңыздағы суықты алады әрі жыныс жолдарын емдейді. Емдік сусынды дайындау үшін: 1 литр суды қайнатасыз. Сосын отын бәсеңдетіп, 1 ас қасық ұсақталған балғын аскөк пен ақжелкенді салып, 15 минут баяу отта қайнатыңыз. Дайын болған қайнатпасы термосқа құйып, бір тәулікке тұндырып қоясыз. Ертеңіне тұнбаны сүзіп алып, басқа ыдысқа құйыңыз. Емдік қасиеті мол сусынды бір күнде аз-аз ұрттамнан ішіп таусыту керек. Емделу ұзақтығы – 2 ай.


фото: couragefit.com

4. Кез келген дәріхана сөрелерінен табылатын бурабай жатыры да (боровая матка) құрсақ көтеруге орасан зор ықпал етеді. Емдік сусынды дайындау үшін 2 ас қасық үгілген шөпті 1 стақан суға салып, отқа қоясыз. Қайнауға жақындағанда оттан алып, күн тимейтін жерге қоясыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 4 рет ішу керек. Емделу ұзақтығы – 4 ай.


5. Бала көтеруге септігін тигізетін тағы бір тәсіл – қызыл қылшақ (красная щетка). Ол әйелдің бойындағы барлық ауруларды емдейді әрі ағзаны жасартып, тезірек бала көтеруге септігін тигізеді.

Емдік сусынды дайындау үшін 1 ас қасық ұсақталған дәріханалық қызыл қылшақты 1 стақан қайнаған суға саласыз. Бетін жауып, ыдысымен ыстық суға қойып булайсыз. Шамамен 45 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтан алдын қабылду керектігін ұмытпаңыз. Емделу мерзімі – 30-40 күн.

Қатаң түрде ескеріңіз! Бұл емді қолданып жүрген кезде басқа дәріні пайдалануға болмайды.

фото: mirmam.pro


6. Таран (спорыш) тұнбасы да жатырда ұрықтың дамуына ықпал етеді. Тұнбаны дайындау үшін 1 стақан шөпке 2 стақан қайнаған су құясыз. 4 сағаттай тұдырылған тұнбаны сүзіп алып, күніне 4 рет жарты стақаннан ішесіз. Емді тамақтанудан 15 минут бұрын қабылдау керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Бастағы БИТтен құтылудың БЕС жолы

БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида