​БУЫНЫҢЫЗ ауырса ҚЫША қосылған ВАННАҒА түсіңіз

0
5 733

Ваннаға түсудің өзіндік ережелері мен талаптары барын ұмытпаңыз.


​БУЫНЫҢЫЗ ауырса ҚЫША қосылған ВАННАҒА түсіңіз

фото: sekretytela.ru

Ваннадағы суға түсу – мың түрлі дертке дауа болады. Оған әрбіріміздің ас үйімізден табылатын бал, тұз, сүт, қыша немесе емдік шөптер қоссаңыз, емдік қасиеті еселенеді. Бірақ бұл заттар барлық ауруға бірдей шипа бола бермейді. Әрқайсысы әр түрлі сырқатқа ем болады. Ендеше, бір-бірлеп тарқатып шығайық.


Сода қосылған ванна

200 гр. ас содасын ванндағы жылы суға салып, араластырасыз. Бұл ванна терінің құрғауын болдырмайды, қабыршақтанудың алдын алады, жүйке жүйесін тынықтырады.


Ас тұзы қосылған ванна

Ваннаны жартысына дейін жылы сумен толтырыңыз. Суға 500 гр. ас тұзын араластырып, түсесіз. Тұзды су тері ауруларынан қорғайды әрі ағзадағы шлакты тері арқылы шығарады. Жалпы ағзаны қуаттандырады, зат алмасуды реттейді, тері тесіктерін тазалап, саулығын жақсартады және ревматизм ауруына ем болады.


Теңіз тұзы қосылған ванна

Ваннадағы суға 350 гр. табиғи теңіз тұзын араластырасыз. Тұзды кез келген дәріханадан табуға болады. Ваннада 15 минут жатып ем алыңыз. Бұл ем шаршауды басады, жүйкені тынықтырады, ревматизм мен артрит ауруының алдын алады, беттегі бөртпені кетіреді. Оған қоса, тері тегіс әрі жылтырап шығады.

фото: textteka.ru

Қылқан бұтақшасы қосылған ванна

500 гр. майда қылқан бұтақтарын 3 литр қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 30 минуттан соң дайын болған емдік тұнбаны сүзіп алып, ваннадағы жылы суға араластырасыз. Бұл су бойыңыздағы ауыртпалықты кетіреді, шаршауды басады әрі аллергияны емдейді.


Сүт қосылған ванна

Ваннаны жартылай жылы суға толтырасыз. Оған 1 стақан құрғақ сүт араластырып, 15-20 минут жатасыз. Сүт қосылған су теріні шынықтырады, тартады, жұмсартады, жылтыратады әрі қабыршақтануын болдырмайды.


ЕСКЕРІҢІЗ!

Бойыңызды билеген дертке қарай ваннаның біреуін таңдайсыз. Алайда ваннаға түсудің өзіндік ережелері мен талаптары барын ұмытпаңыз:

  • Ваннада 15 минуттан 25 минутқа дейін ем қабылдау керек;
  • Судың температурасы 38 градустан жоғары болмасын;
  • Емделу мерзімі 10-15 күн;
  • Ваннаға түнде ұйқыға жатардан алдын түссеңіз пайдасы жақсы болады. Егер таңертең қабылдасаңыз бойыңыз балқып, күні бойы селқос жүруіңіз мүмкін;
  • Ваннадағы су тым көп болмасын. Көкірегіңізге дейін жетсе болады. Әйтпесе, жүрекке кері әсерін тигізуі мүмкін.
  • Ваннадан шыққан соң жақсылап сүртініп, 15-20 минуттай жылы оранып жатыңыз. Сосын 1 шыны шөп немесе көк шай ішіңіз.


Бал қосылған ванна

2 стақан жылы суға 1 стақан табиғи бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Бал толық еріген кезде ваннадағы жылы суға қосасыз. Бал қосылған су шаршауды басады, жүйкені тынықтырады, бойыңызды балқытып, ұйқыңызды тыныштандырады әрі теріңізді жұмсартады.


Сірке суы қосылған ванна

Жартылай жылы су құйылған ваннаға 1 стақан сірке су қосып, араластырыңыз. Сірке су – дененің қышығанын басады, теріні ылғалдандырып, қабыршақтануды болдырмайды. Әсіресе, түнде маса шағатын болса, ұйқыға жатардан алдын міндетті түрде сірке суы қосылған ваннаға түсіп алыңыз.

фото: o-sebe.com


Кебек қосылған ванна

Ваннадағы жылы суға 1 ас қасық кебек салып, жақсылап араластырыңыз. Бұл емдік ванна терінің түршіккенін басып, қызарғанын кетіреді. Ваннадан шыққан соң дүшқа түсіп алуды ұмытпаңыз.


Жолжелкен қосылған ванна

50 гр. жолжелкеннің (подорожник) тамыры мен жапырағын 1 литр қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 20 минуттай баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, ваннадағы жылы суға араластырасыз. Жолжелкен қосылған ванна экземаны, іріңді жараларды және ісінген теріні емдейді.


Ақжелкек қосылған ванна

50 гр. ақжелкекті (хрен) үккіштен өткізесіз. Оны қабатталған дәкеге орап, ваннадағы суға салыңыз. Емдік ваннада 15 минут жатсаңыз, радикулит, ревматизм, подагра секілді буын ауруларынан біржолата құтыласыз.


Түймедақ қосылған ванна

Кеңдеу ыдысқа 100 гр. түймедақ (ромашка) гүлін салыңыз. Оның үстіне 1 литр су құйып, отқа қоясыз. 15-20 минуттай баяу отта қайнаған соң сүзіп алып, ваннадағы жылы суға араластырасыз. Бұл ванна тұмау тигенде, суықтағанда, тері ауруларында керемет ем болады.


Жалбыз қосылған ванна

Жалбыздың (мята) жапырағы мен тамырын үгітіп, 1 литр қайнаған суға саласыз. 1 сағаттай тұндырып қойыңыз. Осы уақыт өткен соң ыдысты отқа қойып, 10 минуттай қақпағын жауып баяу отта қайнатыңыз. Жалбыз қосылған ванна жүйке жүйесін тынықтырады әрі ерлердің қуатын арттырады.


Қыша қосылған ванна

2-3 уыс қыша үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, жақсылап араластырыңыз. Іртігі толық еріген кезде ваннадағы суға араластырып, 10 минут жатасыз. Ваннадан соң душқа түсуді ұмытпаңыз.

Қыша қосылған ванна қол мен аяқтың буынына пайдалы әрі түрлі дерттен қорғайды.


Міне, бұл ваннаның қандай дертке ем екенін оқып білдіңіз. Ендеше, сан түрлі сырқатқа шипа болатын емдік ваннаны қабылдауға ерінбеңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: narodnoelechenie.blogspot.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТАҢЕРТЕҢ салқын СУҒА түссеңіз ағзада қандай ӨЗГЕРІС болатынын білесіз бе?


Балаларды вирустан қорғаудың жолдары бар – дәрігер


ГЕМОРРОЙҒА таза БАЛ жақсаңыз жазылады