Ерте ҚАРТАЙҒЫҢЫЗ келмесе САРЫМСАҚ қосылған СУ ішіңіз

0
6 040

Тек су ішіп қана қоймай, міндетті түрде мына 3 затты қосыңыз


Ерте ҚАРТАЙҒЫҢЫЗ келмесе САРЫМСАҚ қосылған СУ ішіңіз

фото: topnews26.com

Әлем ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, ең ұзақ өмір сүретіндер әрі денсаулығы мықты болатындар – жапондықтар екен. Оның құпиясы денсаулығына жасаған мына әдісте дейді. Жапония халқы таңертең оянғаннан кейін бірден су ішетін көрінеді. Су көптеген ауруларға ем болатынын білеміз. Сөйтіп, біз де таңертең су ішеміз. Бірақ, бұны бұлжытпай орындайтындар өте аз. Өздеріңізге мәлім, су:

  • бас ауруларын;
  • жүрек проблемаларын;
  • бронхит;
  • ас қорытуды және басқа ауруларды емдейтін сиқырлы күш.

Бірақ, жапондықтар тек су ішіп қана қоймайды, міндетті түрде мына 3 затты қосады екен.

фото: webinfo.kz


ЛИМОН қосылған СУ

С дәрумені мен калий элементінің қайнар көзі болып табылатын лимон мыңдаған дертке дауа. Нақтырақ айтқанда:

  • иммундық жүйені нығайтады;
  • жүйке жүйесін тыныштандырады;
  • қан қысымын реттейді;
  • ағзаның қышқылдығын қалпына келтіреді;
  • зат алмасуды жақсартады;
  • асқазан, ас қорыту жолдарының жұмысын дұрыстайды;
  • несеп айдайды;
  • теріні тазартады, әжімнің алдын алады, қара дақты кетіреді, қандағы улы затты шығарады.


САРЫМСАҚ қосылған СУ

С және В6 дәрумені мен марганец, селен, мыс, кальций, калий, фосфор элементіне бай сарымсақ көптеген дертке дауа. Әсіресе ағзаны бактерия мен вирустан қорғайды, жүректің жұмысын жақсартады, қан тамырларды тазалайды, қанды сұйылтады, беттегі әжімді, бөртпені кетіреді. Ал сарымсақ қосылған су:

  • суық тию;
  • тұмау;
  • бронхит;
  • мұрыннан су ағу;
  • тамақ ауруларын емдейді.
  • иммунитетті көтереді.
  • ағзадағы артық холестеринді шығарады;
  • қан қысымын реттейді;
  • онкологиялық аурулардың алдын алады.

Дайындау әдісі:

1-2 тіс сармсақты қабығынан тазалап, езіп аласыз. Сосын эмаль ыдысқа салыңыз. Оған 4-5 тамшы зәйтүн майы мен 1 стақан су құйып, отқа қоясыз. 50 градуста қайнатыңыз. осыдан соң 2-3 тілік лимонның шырынын қосып, 15-20 минут бетін жауып қоясыз.

Белгіленген уақыттан соң дайын болған емдік сусынды теңдей етіп 2-ге бөліп, ішесіз.

Кімге ішуге болмайды?

  • аллергияға;
  • асқазанында жара болса;
  • ас қорыту жолдары бұзылса, сарымсақ қосылған су ішпеңіз.

фото: www.olx.kz

БАЛ қосылған СУ

Балдың емдік қаситеін айтпаса да бәріміз білеміз. Ал бал қосылған су ішудің өзіндік ережесі бар. Бұл емдік сусынды тамақтанудан 30 минут бұрын ішесіз. Мейлінше ішетін кезде дайындау керек. Алдын ала дайын қойып, тоңазытқышқа сақтауға болмайды. Ондай жағдайда құнарын жоғалтады.

Бал қосылған суды таңертең ашқарынға немесе түнде ұйқыға жатар алдында ішуге болады. Өйткені бал ұйқы шақыратын қасиетке ие.

30 гр. балды 1 стақан жылы (36-37 градус) суға араластырып, ем ретінде ішесіз. Сонда:

  • қан қысымы реттеледі;
  • жүйке жүйесі тынышталады;
  • ағза дәрумен мен минералды затқа бай болады;
  • ағзаны қуаттандырып, жұмысқа қабілетті ашады;
  • метаболизмді дұрыстайды;
  • асқазан-ішек жолдарын жақсартады;
  • ағзаны токсиннен, бос радикалдан тазалайды;
  • суыққа қарсы күреседі;
  • бас ауруын қойдырады.

Міне, 1 стақан суды мың бір түрлі дертке дауа болатын керемет қасиетімен таныстық. Ендеше, ерінбей ем ретінде қабылдауға асығайық!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көзіңіз ІРІҢДЕСЕ АСКӨК тұнбасымен емдеңіз


АНАНАС күзде мазалайтын АЛЛЕРГИЯДАН құтқарады


Миоманы ОТАСЫЗ-АҚ кетіруге болады