​ЛАВР жапырағы балалардағы ДИАТЕЗДІ емдейді

0
8 082

Жасалу жолын, қолдану әдісін, емнің нәтижесін бірге білейік...


​ЛАВР жапырағы балалардағы ДИАТЕЗДІ емдейді

фото: behance.net

Диатез – ауру емес. Алғашқы кезде-ақ емін жасаса, тез жазылады. Ал асқындырса, түрлі тері ауруларының пайда болуына ықпал етеді. Нақтырақ айтқанда, дерматит, экзема, псориаз және нейродермит. Диатез көп жағдайда емшек еметін сәбилерде болады. Оның шығуына анасының тамақтануы тікелей әсер етеді. Одан бөлек:

  • Тұқым қуалайды;
  • Қоршаған орта әсер етеді;
  • Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы токсикоз;
  • Жүктілік кезіндегі қабылдаған дәрілер;
  • Жүкті немесе бала емізетін әйелдің дұрыс тамақтанбауы диатездің шығуына себеп болады. Емізулі кезде жұмыртқа, бал, сүт, маринадталған тағамдарды, жидектер мен уылдырықты шектегеніңіз жөн. Балаңызды педиатр рұқсат еткен тағаммен ғана тамақтандыру керек екенін ұмытпаңыз. Себебі балаға өз бетіңізше тамақ беріп, сынақ жүргізуге болмайды. Бұл тәуекелділік – теріс әсер беруі мүмкін.

фото: rodinkam.net


Диатезді қалай емдейміз?

Мейлінше қызарған теріге мазь жақпаңыз. Ашытып, балапанның мазасын алады. Сосын суланып, жазылуы да ұзаққа созылады. Оның орнына халық әдісімен емдесеңіз, керемет нәтижесін береді.


1-рецепт

Бірдей көлемде қызылмия (солодка) мен шүйгіншөп (валериана) тамырын, қалақай (крапива) жапырағын, түймедақ (ромашка) гүлін, итошаған (череда) және жұпаргүл (душица) жапырағын алып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаның 1 ас қасығын ыдысқа салыңыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта 15 минут қайнау керек. Осы уақыттан соң ыдысты оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Тура 45 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Емдік қасиеті мол тұнбаны 3 жасқа дейінгі балаларға 1 шай қасықтан, ал 3 жастан жоғарыларға 1 ас қасықтан ішкізесіз. Емді күніне 3 рет, тамақтанудан 30 минут алдын жүргізу керек. Ем кезінде балапаныңызды осы шөптер қоспасы салынған ваннаға 10 минут жатқызып алыңыз. Ваннадағы суға сәлбен (шалфей), шайқурай (зверобой) және сүйелшөп (чистотел) қосуға болады.


2-рецепт

Өріктің дәні тұратын қабатты жақсылап ұнтақтаңыз. Үгіндіні 1:1 есебімен өсімдік немесе жүгері майымен араластырасыз. Қоспаны шыны ыдысқа салып, 2-3 күн қараңғы жерге қою керек. Май әбден сіңген кезде қоспаны алып диатезге жағасыз. Бір жаққаннан-ақ нәтижесін береді.

фото: bullfrag.com


3-рецепт

Дәрігерлер диатездің бірден-бір емі – лавр жапырағы дейді. Ендеше, жасалу жолын, қолдану әдісін, емнің нәтижесін бірге білейік...


Тұнбаны қалай әзірлейміз?

10 дана лавр жапырағын отқа күймейтін ыдысқа саласыз. Үстіне бір литр қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. Баяу отта 5 минут қайнау керек. Осы уақыттан соң ыдысты оттан алып, қайнатпаға 1 шай қасық итмұрын (шиповник) үгіндісін араластырасыз. Қайнатпаны таңға дейін ас үйде қалдыру керек. Сонда лавр жапырағы мен итмұрын бойындағы барлық пайдалы заттарын біріктіреді.


Қалай қолданамыз?

Таңертең қайнатпаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан балапаныңызға ішкізесіз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Тұнбаны кез келген сұйықтыққа (су, шай, шырын) қосуға болады.


Нәтижесі қандай болады?

Бір күннен соң-ақ баланың терісі тазарғанын байқайсыз. Мазасызданып, жылауын да қояды.


Диатез шыққан бойда өз бетіңізше ем жасаудан аулақ болыңыз. Міндетті түрде дерматолог маманның кеңесін алу керек. Оған қоса, өзіңіздің, балаңыздың ішіп-жейтін тамағына мұқият болыңыз. Мейлінше майлы, тұзды тағамдарды, нан өнімдерін, тұзды шектеңіз. Жұмыртқаны, картопты, балық пен етті де азайтқаныңыз мақұл. Оның орнына жеміс-жидекті көбірек жеңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әйелдердің ЖЫНЫС жолдары неге ҚЫШИДЫ?


ГАСТРИТКЕ грек ЖАҢҒАҒЫ ем


ТЫМ АРЫҚСЫЗ БА? 5 ҚҰПИЯСЫН біліңіз