​МУМИЕ шаштың ТҮСУІН тоқтатады

0
9 704

Шаштың түсуін ғана тоқтатпайды, жылтыратады әрі өсіреді


​МУМИЕ шаштың ТҮСУІН тоқтатады

фото: 101hairtips.com

Шаштың түсуіне бір емес бірнеше жағдайлар әсер етеді. Нақтырақ айтқанда, ішкі ағзалардың жұмысындағы өзгеріс, инфекциялық ауру, жүйкеге салмақ түсу, ағзаға қажетті заттардың жетіспеуі. Одан бөлек шашты дұрыс жуып-шаймау, бояу немесе тартып жинау да шаштың түсуіне себеп болады.

Шаштың түсуін тоқтату үшін әсемдік салонына барып, арнайы маманның көмегі қажет емес. Үйде де өз бетіңізше ем жасап, шашыңызға күтім жасауға әрі емдеуге мүмкіндігіңіз бар. Осы ретте, шаштың түсуін тоқтататын бірнеше ем түрлерін ұсынамыз.


МУМИЕ

Органикалық қышқылға, аминқышқылына, 60-қа жуық микроэлементтерге, алкалоид пен флавоноидқа бай мумиенің емдік қасиеті орасан. Бүгін тек қана шаштың саулығына қолдану әдісін айтамыз.

4 гр. мумиені 20-30 мл жылы қалақай (крапива) немесе түйежапырақ (лопух) тамырының қайнатпасына саласыз. Оның үстіне 100 гр. сусабынды араластырып, шашыңыздың түбіне жағыңыз. 3-5 минуттан соң шашыңызды жылы сумен шаясыз.

Мумие – жұқа шашқа көлем береді, түбін қатайтып, қайратты болып өсуіне ықпал етеді. Оған қоса, шашты өсіреді, сынғыштығын тоқтатады, құрғақтығынан және майлылығынан арылады. Шашыңызды жылтыратып, табиғи түсін қалпына келтіреді.

Мумие – теріні нәрлендіретін қасиетке ие. Ол шаштың саулығын жақсартып қана қоймайдыү Сонымен қатар қан айналымды реттейді, қайызғақтан арылтады.


АЛОЭ

1 ас қасық алоэ шырынына 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық сарымсақ шырынын қосасыз. Дайын болған қоспаны шышыңызды түбіне сеңдіре отырып жағыңыз. Шамамен 5-7 минуттан соң жылы сумен шаясыз.

фото: kipmu.ru

ТҮЙМЕДАҚ

Ол үшін 1 ас қасық қырықбуын (хвощ), түймедақ (ромашка) және қалақай (крапива) шөптерін ұсақтап алыңыз. Оны 1 литр араққа салып, 30 минуттай ыстық суға бұлау жасайсыз. Емдік тұнбаны 3 күнге тоңазытқышқа қою керек. Белгіленген күннен кейін дайын болған тұнбамен шашыңызды емдеуге болады.


САРЫУЫЗ

5-6 тіс сарымсақты жақсылап езесіз. Оған бір дана жұмыртқаның сарыуызын араластырып, шашыңызға жағыңыз. Сыртынан пакет киіп, жылы орап алыңыз. Шамамен 20 минуттан соң шашыңызды сусабынмен жуасыз. Тағы да бір дана жұмыртқаның саыуызын жағып, артынша жылы сумен мұқият шаясыз.


ПИЯЗ бен БАЛ

Шаштың саулығын сақтап, тез өсуін қаласаңыз 5 ас қасық пияз шырыны мен 1 ас қасық балды араластырып, шашыңыздың түбіне жағыңыз. 30 минуттан соң масканы қайың жапырағының шырынымен шаясыз.


ЛИМОН мен СӘБІЗ

Шаштың түбін қатайтып, саулығын жақсартқыңыз келсе, бірдей көлемде араластырылған сәбіз бен лимон шырынын ішіңіз.


ҚЫЗЫЛША мен СӘБІЗ

3 дана сәбіз бен 1 дана қызылшаны қабығынан тазартып, шырынсыққыштың көмегімен шырынын аласыз. Оған 2 ас қасық боташық (пастернак) үгіндісін қосып, ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтан алдын қабылдау керек.

фото: 101hairtips.com


СУ мен БАЛ

1 литр суға 2 ас қасық бал қосып, араластырыңыз. Дайын болған емдік суды шашыңызға сіңдіріп жағып, артынан жуасыз. Бұл емді аптасына 2 рет жасауға болады.


ШЫРҒАНАҚ

100 гр. ұнтақталған шырғанақты 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Баяу отта 10 минуттан қайнау керек. Сосын оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Аздап салқындаған кезде сүзіп алып, шашыңыздың түбіне жағыңыз. 1 сағаттан соң шашыңызды жылы сумен жуу керек. Емделу мерзімі – 1 ай.


ҚАЛАҚАЙ

1 ас қасық кептірілген қалақай жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, 1,5 сағаттай тұндырасыз. Белгіленген уақыт өткен соң дайын болған тұнбамен жуылған шашыңызға жағасыз. Емді аптасына 1 рет жүргізу керек.

Бұл әдіс шашыңызды түсуін тоқтатып, бастың қан айналымын жақсартады. Одан бөлек, шашыңызды жылтыратып, қайратты болып өсуіне септігін тигізеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: lecar.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ



Тағы оқыңыз:


Кімге медициналық тексерілуден өту керек?


ПИЯЗ бен СУ – ішекті ҚҰРТТАН тазалайды


СТРЕСТЕН мына ТОҒЫЗ түрлі АУРУ пайда болады